Қала халқы бір жылда жалпы 600 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Тұрғындар рожки, ұн, нан өнімдерімен толығымен 100%-ға қамтамасыз етілуде.
ШЫмкентте қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекеттік мүлікті жалға беру, тәркіленген коммуналдық меншікке қабылданған мүліктер мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.
Көкөніс өнімдерінен де өзге өңірлерге де тәуелділік туралы айтылды. Картоп Павлодар, Түркістан облыстарынан, Қытай Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысымен Өзбекстан Республикасынан жеткізіледі. Әлеуметтік сауда нүктелерін ұлғайту мақсатында «Грамад» сауда желісі тарапынан «Бақша» атты 14 әлеуметтік дүкендер іске қосылды. Ал, қалған 10 сауда нүктесі орнатылу барысында. Бұл өз кезегінде, халықты әлеуметтік тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.