Азия мен Океанияның үздік жас теннисшілері Шымкент корттарында бақ сынауда

0
182

11–16 мамыр күндері қыздар арасында Junior Billie Jean King Cup жарысы өтсе, 18–23 мамыр аралығында ұлдар Junior Davis Cup додасында кортқа шығады.


Азия мен Океанияның үздік жас теннисшілері Шымкент корттарында бақ сынауда

Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия/Океания аймағы бойынша іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

2026 жылдың 11–23 мамыры аралығында ұйымдастырылған байрақты бәсекеде құрлық пен мұхит аймағының ең мықты 16 құрамасы әлемдік финал кезеңіне жолдама алу үшін өзара күш сынасуда. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.

Турнир екі кезең бойынша ұйымдастырылған. 11–16 мамыр күндері қыздар арасында Junior Billie Jean King Cup жарысы өтсе, 18–23 мамыр аралығында ұлдар Junior Davis Cup додасында кортқа шығады.
Қазіргі таңда алғашқы жарыс аптасы қыздар құрамаларының кездесулеріне арналды. Junior Billie Jean King Cup турнирінде Аустралия, Қытай, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Мальдив аралдары, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Өзбекстан және Қазақстан командалары бақ сынап жатыр.
Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан құрамасы Гонконг, Жапония және Таиланд командаларымен бір топқа түсті. Ел намысын өз жерімізде өтіп жатқан жарыста Каролина Лигай, Тамина Сакен және Мариям Нұржан қорғайды.
Топтық кезеңдегі алғашқы матчтар бүгін басталды. Ал ұлдар арасындағы Junior Davis Cup турнирінің ойын кестесі мен топтық құрамы кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы халықаралық іріктеу жарыстарын жыл сайын тұрақты түрде қабылдап келеді. Биылғы кездесулердің барлығы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 20Д мекенжайында орналасқан Beeline Arena халықаралық теннис орталығында өтуде.
Теннис жанкүйерлері жарыстың маңызды сәттерін BeeTV платформасы арқылы тамашалай алады.
Бөлісу