​БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
231

Шара аясында балалар арасында өрт және судағы қауіпсіздік тақырыптарында сурет салу байқауы өткізілді.


​БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ERNUR.KZ. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Наурыз алаңында «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген департамент басшысының орынбасары Жамбыл Убайдуллаұлы Джабаев балаларды мерекемен құттықтап, олардың амандығы мен қауіпсіздігі мемлекет үшін маңызды екенін атап өтті.
Шара аясында балалар арасында өрт және судағы қауіпсіздік тақырыптарында сурет салу байқауы өткізілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер өрт сөндіру киімін кию сайысына қатысып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеріп, «Кім тапқыр» зияткерлік ойынында өз білімдерін сынады. Жас жеткіншектер төтенше жағдайларға дайындықтарын көрсетіп, спорттық эстафеталарда белсенділік танытты.
Балалар Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасымен танысып, өрт сөндіру көліктеріне отырып көрді. Балалардың қауіпсіздік саласына қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен естелік суретке түсті.
Іс-шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетті. Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Балалардың қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда.