Махмудов Батырхан Ниязұлы 1963 жылы 10 маусымда Шымкент қаласының Қаратау ауданы Қызылсу тұрғын үй алабында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент Мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдап, білім саласындағы жолын бастаған. Ұстаздық тәжірибесі 36 жылды құрайды. Отбасылы, бес қыздың әкесі.
Батырхан Ниязұлы ұжымды еңбексүйгіштігі мен жан-жақтылығымен баурап, кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы арқасында шәкірттерін жетістікке жетелеген дара тұлға. Ол – тек білікті ұстаз ғана емес, отбасының тірегі, немерелерінің сүйікті әрі батагөй атасы.
Ұстаздың қарапайымдылығы, еңбегі аудан, қала және облыс деңгейінде жоғары бағаланып, «Қоғам қайраткері», «Елеулі еңбегі үшін», «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгілерімен және Түркістан облысы білім басқармасы алғыс хаттарымен марапатталған.