​ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ

0
288

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері №11 қалалық емханасының ұжымымен кездесті


​ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері №11 қалалық емханасының ұжымымен кездесті. Жұмысшы топ ақхалаттыларға атом электр станциясының маңызы туралы түсіндіріп, 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Насихаттық топтың құрамында ҚР Парламентінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова, Данабек Исабеков, сондай-ақ «Amanat» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев және қалалық мәслихат депутаттары мен Халықтық штаб мүшелері болды.
Сенатор Нұртөре Жүсіп АЭС-ке қатысты және еліміздің энергетика саласының қазіргі жағдайына байланысты ақпараттарымен бөлісті.
- АЭС салу мәселесінің көтеріліп жатқаны бекер емес. Қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы сезіле бастаған. Бұл туралы сала мамандары айтып келеді. Бүгінде біздің энергия көзін көмір арқылы алып отырмыз. Алайда, ұзақ жылдар жұмыс істеген станциялар бүгінде тозығы жеткен. Оны қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлу тиімсіз. Сондықтан мәселені шешу үшін атом энергиясын қолдаған дұрыс», - деді Нұртөре Жүсіп.
Сондай-ақ Мұрат Жаңабайұлы парниктік газ шығарындылары аз және үлкен көлемде электр қуатын өндіру қабілетіне ие энергия көзі болып табылатыны және жаһандық экологияны қамтуда маңызды рөл атқаратын айтты. Дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтыны бойынша ғалымдардың дәлелімен түсінік берді.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні атом электр станциясы құрылысы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдум өтеді.