Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Башқұртстан және Шешенстаннан келген ағаш шеберлері қатысады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі.
14 маусымда Арбат алаңында бастау алатын «SHYMKENT USTA FEST» шарасы еңбек адамының бейнесін мүсін өнері арқылы дәріптеуге бағытталған. Бұл бастама биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы маңызды жобалардың бірі саналады. Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Башқұртстан және Шешенстаннан келген ағаш шеберлері қатысады.
Бес күн бойы өткізілетін іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары шеберлердің жұмыс барысын тікелей тамашалай алады. Жоба аясында шеберлік сабақтары, мәдени алмасу және қолөнерге қызығушылығы бар жастармен кездесулер ұйымдастырылады. Фестиваль 20 маусым күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады. Қаланың сәнін арттыратын 10 бірегей мүсін қалаға сыйға тартылмақ.