ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ хатшылығының жұмыс отырысы өтті

0
155


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ хатшылығының жұмыс отырысы өтті

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеасы хатшылығының жұмыс отырысы өтті.

Отырыс барысында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөнірдегі басқармасы басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов пен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нүркен Әлімқұловтың атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.

Қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бойынша басым шаралар қаралды.
Қала алаңында ірі іс-шараларды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі атап өтілді. Бұл ретте этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңызы баса айтылды.
Ел Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларының орындалуына және өңірдегі этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Бөлісу