Шешімін тапқан жол, жарық, ойын және спорт алаңдары – бір ғана әкімдік жұмысының көрінісі емес, бұл – елдегі жаңа басқару мәдениетінің, жауапты биліктің және белсенді қоғамның ортақ нәтижесі.
Қазіргі таңда елімізде Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасы мемлекеттік басқару жүйесінің басты қағидатына айналды. Бұл бағыт
халық пен билік арасындағы ашық диалогқа, жергілікті жерлердегі нақты
мәселелерді шешуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген. Осы мақсатта
Шымкент қаласында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен тұрғындармен
тұрақты түрде көшпелі кездесулер ұйымдастырылып келеді. Бұл кездесулер
барысында қала халқының көкейінде жүрген өзекті мәселелер тыңдалып, жедел әрі
нақты шаралар қабылдануда.
Инфрақұрылымды
дамыту – Президент тапсырмасының басым бағыты
Президент 2023 жылғы Жолдауында:
«Жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер
ететін инфрақұрылымдық мәселелерге баса назар аударуы тиіс. Әрбір өтініш пен
шағым – қоғамның тамыр соғысы», – деп атап өткен болатын.
Бұл тапсырмаға сәйкес, Шымкент
қаласында да инфрақұрылымға қатысты көптеген мәселелер тұрғындардың тікелей
қатысуымен шешімін тауып жатыр.
«Жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық мәселелерге баса назар аударуы тиіс. Әрбір өтініш пен шағым – қоғамның тамыр соғысы», – деп атап өткен болатын.
Көшпелі кездесулердің нақты нәтижесі: шешімін
тапқан мәселелер
Тарбағатай көшесіне жаңа жол салынды
Абай ауданының Тарбағатай көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Бұл
мәселе тұрғындармен өткізілген көшпелі кездесуде көтеріліп, сол сәтте жауапты
мекемелерге тапсырма берілген. Бүгінде ұзындығы 760 метр, ені 6 метрді құрайтын
көше бойына асфальт жабындысы төселіп, тұрғындардың көптен күткен мәселесі
шешімін тапты. Бұл – халықтың үнін ескерген биліктің нақты іс-қимылы.
Сапақ Датқа көшесіндегі ойын алаңы жаңартылды
Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі №6 үй ауласындағы балалар ойын алаңы да
қайта қалпына келтірілді. Көшпелі қабылдау кезінде тұрғын С. Давыдова ойын
алаңының тозығы жеткенін айтып, мәселе көтерген. Қала әкімі жедел түрде тиісті
мекемелерге тапсырма беріп, алаңша толық жөндеуден өткізілді. Бұл балалардың
қауіпсіз және сапалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған қадам.
Тұран ауданындағы жүйелі шешімдер
Қала басшысы Тұран ауданына жасаған көшпелі қабылдау барысында да
тұрғындардың бірнеше өтініштері бойынша нақты жұмыстар атқарылды:
·
Орманов көшесінде
ұзындығы 20 метр болатын жаңа аяқжол салынды. Бұл – тұрғындардың қауіпсіз
қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
·
Байтұрсынов көшесіндегі
№94 үй ауласына жарықтандыру жүйесі орнатылып, тұрғындардың кешкі уақытта еркін
және қауіпсіз жүріп-тұруы қамтамасыз етілді.
·
Көктас көшесінде
жаңбыр сулары мен ағын суларды реттейтін ирригациялық жүйе орнатылды. Бұл –
қала тазалығы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған
маңызды шешім.
·
Отырар көшесі №41
үй маңындағы спорт алаңшасына резеңке жабынды (тартан) төселіп, жастар мен
балаларға қауіпсіз орта қалыптастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай –
әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы
Президент Жолдауларында инфрақұрылымдық теңсіздікті жою, өңірлік дамуды
теңестіру, қалалық өмір сапасын арттыру мәселелері үнемі назарда.
2022 жылғы Жолдауда:
«Әлеуметтік әділеттілік – мемлекеттің басты бағдары болуы керек. Бұл үшін
жергілікті жерде халықтың нақты қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымды дамыту –
аса маңызды», – деп атап өтілген.
Шымкент қаласында атқарылып жатқан бұл шаралар – осы тапсырмалардың сәтті
орындалып жатқанын көрсетеді. Әсіресе балаларға арналған алаңдар мен спорт
нысандарын қалпына келтіру – жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне
жасалған үлкен қамқорлық.
2022 жылғы Жолдауда:
«Әлеуметтік әділеттілік – мемлекеттің басты бағдары болуы керек. Бұл үшін жергілікті жерде халықтың нақты қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымды дамыту – аса маңызды», – деп атап өтілген.