Жасөспірім ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы әр кездесуде бар күш-жігерін салып, еліміздің абыройын лайықты қорғауға тырысты.
ERNUR.KZ. Хорватияда халықаралық турнир аяқталды. Оған шымкенттік «Ордабасы U15» командасы қатысып, турнир қорытындысы бойынша үздік сегіздікке кірді.
Жасөспірім ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы әр кездесуде бар күш-жігерін салып, еліміздің абыройын лайықты қорғауға тырысты. Осылайша Хорватияда өткен бұл дода жас спортшылар үшін баға жетпес тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.