Көлік инфрақұрылымы: Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы салынуда

0
91


  Көлік инфрақұрылымы: Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы салынуда

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес және жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейін Қазиев көшесінің жалғасын салу жобасы жүзеге асырылуда.

Құрылыс жұмыстары биыл наурыз айының соңында басталды. Қазіргі таңда нысанда жер қазу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар инженерлік желілер — кәріз құбырлары, электр бағаналары мен газ құбырларын көшіру жұмыстары қолға алынған. Бұған қоса, суағар жүйелері орнатылып, жолдың негізін дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Ұзындығы 1,7 шақырым болатын бұл жол төрт жолақты болып салынады. Жобаны толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Қазиев көшесінің Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасын салу арқылы Өтегенов көшесі мен Бәйдібек би даңғылына балама жол пайда болады. Бұл — көлік қозғалысын оңтайландыру және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Нәтижесінде Ақжайық және Шымсити шағынаудандарының тұрғындары қаланың орталығына Өтегенов көшесімен қатар Қазиев көшесі арқылы да еркін қатынай алады.
Бөлісу