Коммуналдық төлемді алуға 28 мыңнан астам шымкенттік өтінім берген

0
729

Коммуналдық көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында "communal-komek.kz" сайты іске қосылған.


Коммуналдық төлемді алуға 28 мыңнан астам шымкенттік өтінім берген

Шымкенттік "communal-komek.kz" сайтына 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 28 180 азаматтан өтінім келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 14 320 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты.

Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында "communal-komek.kz" сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 28 180 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 320 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, 12 479 азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және дербес (абоненттік)шотының деректерін ұсына отырып, call-орталықтарына хабарласуға болады.