Кездесу барысында сала мамандары Конституцияның мазмұны мен құрылымына, оның құқықтық мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне кеңінен тоқталды.
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ата Заңым – Айбарым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Шымкент қаласының прокуратурасы басқармасының прокуроры Берік Құрбанов және Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Асқар Мырзахмет қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары Конституцияның мазмұны мен құрылымына, оның құқықтық мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, заңнаманы білудің қоғам тұрақтылығы мен азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқық қорғау саласы өкілдері өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және құқықтық нормаларды құрметтеу – қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің кепілі екендігі жөнінде ортақ пікірге келді.