​КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

0
168

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің адам орталықтылығын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін тұрақты әрі қолжетімді етуге бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды.


​КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған салалық жиын өтті. Іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әлібекұлы Әбдезов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков, басқарма қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістердің маңызы талқыланды. Қатысушылар халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығын нығайтуға бағытталған бастамаларға ерекше назар аударды.
“Конституция жобасы азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстарын жан-жақты талдау нәтижесінде әзірленді. Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттiң негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің бастауы мен егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені және саяси институттардың құрылымын тиімді етуге бағытталған маңызды өзгерістер қамтылған. Конституция мәтіні елдің тұрақты дамуы мен халықаралық беделін, адами капиталды және инновациялық басымдығын айқын көрсетеді”, – деді Нұржан Әлібекұлы.
Қайрат Қалибековтің сөзінше, жаңа Конституция жобасы мемлекеттің адам орталықтылығын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін тұрақты әрі қолжетімді етуге бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына бірауыздан қолдау білдіріп, оның қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті.
Бөлісу