​КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕСІ: Шымкентте тұрғындардың өтініші орындалып жатыр

0
16

Бұл – әкімдік жұмысының жеделдігін, уәденің құрғақ сөз емес, нақты іске айналғанын көрсетеді.


​КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕСІ: Шымкентте тұрғындардың өтініші орындалып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 16-20 маусым аралығында халықпен көшпелі кездесу өткізген болатын. Нәтижесінде халықтың өтініші орындалып, тұрғындардың мәселелері шешімін табуда.

Әр күні бір аудан тұрғындарымен жүздескен қала әкімі олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Барлық сұрақ назарға алынып, жедел шешілуі тиіс мәселелер бойынша бірден жауапты сала басшыларына тапсырма берілді.

Бүгінде сол тапсырмалардың бірқатары орындалып үлгерді. Бұл – әкімдік жұмысының жеделдігін, уәденің құрғақ сөз емес, нақты іске айналғанын көрсетеді.
Осы орайды Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өткен жөн.
Таскен шағынауданы Аялы көшесінің тұрғындары жарықсыз көшенің кешкі мезгілде қауіп төндіретінін айтып, көше шамдарын орнатуды өтінді. Сол күні кешке-ақ аумақ жарықпен қамтылды.
Қайтпас шағынауданы тұрғындары жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз өтпе жол сұрады. Жамауов пен Көшеров көшелерінің қиылысына арнайы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелі қойылды.
* Таңбалы тас көшесіндегі жарықшамдар арнайы мамандардың тексеруінен өтіп, ретке келтірілді. Қазіргі таңда қайта іске қосылды.
* Ақсүмбе көшесінің тұйық бөлігін асфальттау туралы өтініш те жауапсыз қалмады. Қазір аумаққа асфальт төселіп, тұрғындар игілігіне берілді.
* №15 мектеп-лицейі маңына жасанды жол кедергісі орнатылып, Сасбұқаев көшесіне жол белгілері қойылды. Бұл жұмыстар бір тәулік ішінде толық аяқталды.
* Абай ауданында өткен кездесу барысында көтерілген ұсыныс негізінде Ақбосаға көшесіне аялдама павильондары орнатылып жатыр.
Қала әкімінің тапсырмаларының орындалуы жіті қадағалауда. Әр мәселе заң талаптарына сай, белгіленген жоспар аясында кезең-кезеңімен шешіледі.
Бөлісу