ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ қарсаңында республикалық спартакиада өтті

0
149

Ауқымды іс-шараға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалдардан 500-ге жуық қызметкер қатысып, өзара спорттық жарыста бақ сынады.


ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ қарсаңында республикалық спартакиада өтті

Шымкент қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің қатысуымен үшінші республикалық спартакиада ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалдардан 500-ге жуық қызметкер қатысып, өзара спорттық жарыста бақ сынады.
Спартакиаданың өткізілуі – Мемлекеттік корпорацияның 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, спорттық доданың маңыздылығын айтты.
– Бұл спартакиада – ұйым ішіндегі бірлікті нығайтып, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлер үшін мұндай шаралар ортақ құндылықтарды дәріптеуге, ұжымдық рухты күшейтуге зор үлес қосады, – деді ол.
Қатысушылар кіші футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және үстел теннисі сынды бес спорт түрінен сайысқа түсті. Өте тартысты өткен жарыс туралы Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Мәди Аманжол да бұл тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар серіктестік пен өзара сенімді нығайтатын маңызды алаң екендігін тілге тиек етті.
«500 қызметкердің бір алаңда бас қосуы – корпорация ішіндегі ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісі», – деді ол.
Бөлісу