Аталған сайлау бұрынғы филиал төрағасы Ғ.Əбдірахымовтың басқа қызметке ауысуына байланысты өтті.
Бүгін Шымкент қалалық "Nur Otan" партия филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс отыз сегізінші конференциясында бұрынғы филиал төрағасы Ғ.Əбдірахымовтың басқа қызметке ауысуына байланысты филиал төрағалығына Шымкент қаласының əкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов сайланды.
Сонымен қатар, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысқан конференцияның күн тəртібіне сəйкес, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасын сайлаумен қатар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы да талқыланды.