Отан қорғаушылар әскери қызметшілердің отбасын құттықтады

0
173


Отан қорғаушылар әскери қызметшілердің отбасын құттықтады

Отан қорғаушылар күн сайын өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдайтын 35748 әскери бөлімінде қызметтен тыс қалғандар - әскери қызметшілердің отбасылары туралы да ұмытпайды.

Мереке қарсаңында 35748 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің өкілі Жамал Оразбек әріптестерімен бірге ерекше күтімді қажет ететін балалар тәрбиеленетін отбасыларға кіріп шықты. Бұл кездесу күнделікті қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға назар аударудың маңыздылығының жарқын мысалы болды.
- Әр отбасы тек тыл ғана емес, бұл махаббат пен күштің нағыз тірегі. Бұл әсіресе ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп жүрген отбасыларда байқалады. Бұл балалардың ата-аналары батылдық пен шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі бола отырып, керемет төзімділік пен қамқорлықты көрсетеді, - деп атап өтті Жамал Оразбек сапар барысында.
Қонақтар сыйлықтарды ғана емес, шынайы қамқорлықты да алып келді. Ата-аналармен сөйлесу, балалармен ойнау, бірлескен отырыс өткізу - осының бәрі үйлерді ерекше жылу мен қуаныш атмосферасына толтырды.
- Біз олардың жалғыз емес екенін көрсеткіміз келді. Біздің отбасыларымыз - біздің күшіміз және біз оларды кез келген жағдайда қолдауға дайынбыз, - деп атап өтті қызмет өкілі.
Бөлім басшылығы мұндай қолдаудың маңыздылығын түсініп, әскерилердің отбасыларына қолайлы жағдай жасау үшін барын салады.
- Отбасыларға назар аудару - өзін Отанға қызмет ететіндер алдындағы борышымыздың бір бөлігі. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында баршамызға зор денсаулық, амандық, үйімізде жылулық пен жайлылық тілеймін! Әр күн қуаныш пен үйлесімділікке толы болсын. Осыындай ата-аналардың еңбегі мен қамқорлығы - біздің әлемді мейірімді ететін нәрсе, - деп қосты Жамал.
Осылайша, әскери қызметтің күнделікті өмірінде бізді ортақ игілікке жету жолында біріктіретін шынайы адами қамқорлық пен алаңдаушылықтың орны бар.


Бөлісу