Кездесу барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Жастар өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі спикерден нақты кеңестер алды.
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен елжандылыққа үндейтін тағылымды кездесу өтті.
Кездесу ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай “Мерейлі 30 күн” жобасы аясында ұйымдастырылды. «Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбын арқау еткен шарада жас буынның бойына Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандыру көзделді. Жиынның арнайы қонағы – қоғам белсендісі, Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер-Аманат» кеңесінің төрайымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі, «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау» кеңесінің төраға орынбасары, Іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлайым Аскерқызы Шунгараева жастарға тағылымды әңгіме өрбітті.