Шара барысында композитордың өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітапхана бөлімшесінде қазақ вальсінің королі атанған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық бағыттағы іс-шараның мақсаты – сазгердің мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, жас буынға ұлттың өнер қайраткерлері туралы терең мағлұмат беру.
Кешке қаланың зиялы қауымы мен ардагерлері, атап айтқанда Славян этномәдени бірлестігінің мүшелері, Шәмші Қалдаяқовтың туған қарындасы Райхан Қалдаяқова, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, полковник С.Мещанов, Оралхан Қожамжаров, И.Аманқұлов, Қ.Тұранов және көпшілік оқырмандар қатысты.
Шара барысында композитордың өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме аясында оқырмандар назарына сирек кездесетін фотоматериалдар мен басылымдар, сондай-ақ өнер иесіне арналған естеліктер ұсынылды.
Іс-шара аясында Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктері жанынан құрылған «Светоч» хорының өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың кеңінен танымал әндерін орындап, кешке ерекше атмосфера сыйлады. Композитордың шығармаларына деген көпшіліктің ықыласы оның ұлт мәдениетіндегі орнының биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеді.