​ШЫМҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНЕ БЛОК-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
386


​ШЫМҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНЕ БЛОК-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Ескі қалашықта “VISIT SHYMKENT” туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау қалаларынан сонымен қатар көршілес Қырғыстан, Өзбекстан, Россия, Азербайджан, Германия елдерінің блогерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен блог - тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Турдың басты мақсаты - Шымкент қаласының тарихын насихаттай отырып, оның беделін арттыру.
Осы ретте тарихы терең көне шаһардың өткені мен бүгіні әр бір туристті қызықтырды. 50 жуық ақпарат өкілдері экскурсия барысында қызығушылық танытып, түрлі сайттарда кешен туралы жағымды пікірлер қалдырды.
Айта кетсек, Шымқала кешені Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген болатын.
Бұл археологиялық нысан жасалуы мен дизайны жағынан өзінің тұпнұсқасын, бастапқы келбеті мен бекініс жүйесін сақтаған Шым шаһарымыздың орталығынан орын тепкен көне ескі қалашық.
2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.