Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауа-райының жауынды-шашынды, нөсерлі жаңбырлы мезгілдерінде аудан аумағында су басу қауіпі бар 57 мекен-жай анықталған болатын. Оның ішінде 2022 жылы 21 көшеге жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды.
2023 жылға 13 көшеге 6,3 шақырым ирригациялық арықтар салуға 232,1 миллион теңге қаржы қаралып, қазір арықтарды орнату жұмыстары басталды.
Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Аудан аумағындағы су жиналатын орындар бақылауға алынған. Жауын-шашын кезінде мобильді топтар жұмылдырылып, арнайы техникалармен су тартылып отырады.
Жалпы Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды.