Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы Абай ауданының көлемінде көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Көшелер мен аллеялар түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліп жатыр.
Көгалдандыру шаралары аясында жаңа автовокзал терминалы аумағына остик және катарантус гүлдерінің 14 мың данасы отырғызылды. Сонымен қатар, Төлеметов, Сыпырған ата және Әл-Фараби көшелеріне целозия гүлінің 5 мың данасы, Асар аллеясына шафран мен циния гүлдерінің 16 мың данасы, ал Өтегенов көшесіне петунья және сальвия гүлдерінің 12 мың данасы егілді. Жалпы саны 93 310 дана гүл көшеті отырғызылып, аудан келбетіне көрік қосты.
Аталған жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және қала тұрғындарының эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған.