Құрылыс басқармасына жөндеу сапасын бақылауды күшейту, ал мердігер мекемелерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жөндеу жұмыстарын толық аяқтау міндеттелді.
Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты «Бозарық» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді түрде жүргізілуде.
Бүгінгі таңда тоғыз қабатты 16 тұрғын үйдің бесеуі пайдалануға берілді. Қалған жеті үйдің құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен аяқталып, төрт үй 2026 жылы тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс қарқынын арттырып, аумақты көгалдандыру және жасыл желектерді суару үшін автоматты суару жүйесін орнату тапсырылды.
Сол күні «Нұршуақ» шағынауданында қуаттылығы сағатына 2000 м³ болатын жаңа кәріз коллекторы іске қосылды. Әлеуметтік маңызы зор бұл жоба қаланың солтүстік-батыс бөлігін — атап айтқанда, «Тұран», «Шымсити», «Бозарық», «Асар», «Асар-2», «Қайтпас-2» және «Достық» шағынаудандарын тұрақты кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Тұран және Әл-Фараби аудандарында орналасқан дарынды балаларға арналған №1 IT-лицей-интернаты мен О.Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицей ғимараттарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Құрылыс басқармасына жөндеу сапасын бақылауды күшейту, ал мердігер мекемелерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жөндеу жұмыстарын толық аяқтау міндеттелді.