ШЫМКЕНТ: Әкім орынбасары онлайн қабылдау өткізді

0
608

Ерғали Білісбеков 30-ға жуық адамды қабылдап, өтініштерін тыңдады


ШЫМКЕНТ: Әкім орынбасары онлайн қабылдау өткізді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкім орынбасарының қабылдауында болған тұрғындардың бірі –Алмагүл Кенжетаева. Ол бүгінде екі ерекше бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Е.Білісбековке бұған дейінгі қабылдау нәтижелері бойынша бірқатар өзекті мәселелерінің оң шешімін тапқанын айтып, алғысын білдірді.
Алмагүл Кенжетаева бұл жолы тұрғын үймен қамту өтінішін жеткізді. Балаларының тиісті санаты бойынша 2018 жылы тұрғын үйге тіркелген кезегі келмеген. Мүмкіндігі шектеулі перзенттерінің тауқыметін тартқан ана осыдан 5 жыл бұрын «Рахмет саған, Анашым!» қоғамдық бірлестігін құрған. Жалғыз баспанасын сол кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайды. Сол шаңырақта бүгінде 20-ға жуық он сегіз жастан асқан мүгедектерге жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Орталықта мүгедек жандардың аналары да жұмыс атқарады.
Қабылдау барысында әкім орынбасары ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер тек белгіленген тәртіп негізінде кезекпен берілетінін айтты. Қала тұрғыны берілген жауапқа түсіністікпен қарап, кезек ретін күтетінін жеткізді.
Ерғали Білісбеков бұл жұмада да 30-ға жуық адамды қабылдап, өтініштерін тыңдады. Әр азаматқа сұрақтары бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктелді.