ШЫМКЕНТ: Ақылды газ талдайтын құрылғы адам өмірін сақтап қалды

0
2 731

10 тұрғын үйге және №6 емханаға ақылды газ талдайтын датчиктер орнатылған.


ШЫМКЕНТ: Ақылды газ талдайтын құрылғы адам өмірін сақтап қалды

Шымкентте ақылды газ талдайтын арнайы құрылғы үш адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, жыл басында қалалық цифрландыру басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе «ProLife» компаниясымен пилоттық режимде қала аумағындағы 10 тұрғын үйге және №6 емханаға ақылды газ талдайтын датчиктер орнатылған болатын.
7 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да Әл-Фараби ауданы Ақмола көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі газ талдағыштар дабыл соққан. Оқиға орнына «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның мамандары тексеру жүргізген. Тексеру барысында улы газдың мөлшері 0,3 пайызға шамадан тыс болғаны анықталған. Улы газ мөлшерінің арту себебі үй ішінде орнатылған тас пештің кранынан газ өткізуінен болған.
Оқыс оқиға кезінде үйде анасы мен екі баласы болған. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қаладағы 30 мыңға тарта тұрғын үй осындай ақылды газ талдайтын датчиктер орнатуды қажет етеді.