ШЫМКЕНТ: әлеуметтік мәселелер талқыланған қабылдау өтті

0
128

Келушілер негізінен атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және мүгедектік рәсімдеу секілді әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді.


ШЫМКЕНТ: әлеуметтік мәселелер талқыланған қабылдау өтті

Шымкент қаласындағы «AMANAT» партиясы филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындармен кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Бұл жолы азаматтарды Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева жеке қабылдап, әрбірінің сұрағына назар аударды.

Келушілер негізінен атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және мүгедектік рәсімдеу секілді әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді. Мысалы, Қазына көшесінің тұрғыны, зейнеткер азамат емдеу-сауықтыру мекемесіне жолдама алу тәртібін білгісі келіп, кеңес сұрады. Басқарма басшысы зейнет жасындағы адамдарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажетті мәліметтермен бөлісті.
Жұмыс сұрап келген азаматтардың бір бөлігі қабылдау кезінде-ақ жұмысқа жолданып, нақты көмек алды. Әрбір өтініш жеке қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданды.
-“Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың өтінішіне жауапкершілікпен қарап, заң аясында нақты шешімдер ұсыну. Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау - біздің басты парызымыз, - деді Жанат Өмірсейітқызы.
Партияның мәлімдеуінше, мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Бөлісу