ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет сапасы – басты назарда

0
22

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында арнайы мобильді топтар мен «Отбасыны қолдау орталығының» бірлескен жұмысы жолға қойылған. Бұл бағыттағы бастамалар оң нәтиже беруде.


ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет сапасы – басты назарда

Бүгін Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын тыңдады.

Жиынға орталық басшылары мен орынбасарлары қатысып, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бүгінде әлеуметтік қызмет сапасын арттыру – басты басымдықтың бірі. Осы бағытта нақты нәтижелер бар:
№9 және №10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының мамандары өз жұмыс бағыттары бойынша баяндама жасап, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
№1, №2, №6, №9 және №10 орталықтарда мүгедектігі бар азаматтарға стационарлық жағдайда көрсетілетін көмектің сапасын арттыру үшін киім-кешек, аяқ киім және төсек-жабдықтарын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында арнайы мобильді топтар мен «Отбасыны қолдау орталығының» бірлескен жұмысы жолға қойылған. Бұл бағыттағы бастамалар оң нәтиже беруде.
Жиын қорытындысында хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жан-жақты сараланып, сала мамандарына атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтылды.
Жанат Өмірсейітқызы алда атқарылар жұмыстардың әлі де ауқымды екенін атап өтіп, мүгедектігі бар азаматтар мен балалардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ қолайлы әрі инклюзивті орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Бөлісу