Шымкент қаласында сұлулық пен парасатты ұштастырған дәстүрлі «Шымкент Аруы – 2025» байқауының алғашқы кезеңі – кастинг рәсімі салтанатты түрде басталды.
Бұл ауқымды мәдени шараның іріктеу кезеңі еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтті. Аталған оқу орны байқаудың ресми серіктесі ретінде жастар шығармашылығын қолдауға зор үлес қосып келеді.
Кастингке Шымкент қаласы мен оған іргелес өңірлерден келген бойжеткендер қатысып, өздерінің жүріс-тұрысы, сахналық мәдениеті, харизмасы мен көркем болмысын паш етті. Байқаудың басты ұйымдастырушысы Жамал Әбілдаева қатысу талаптарына тоқтала келе:
– Бұл байқауға 16 мен 30 жас аралығындағы, бойы 165 см-ден жоғары, сымбатты келбетке ие, шығармашылыққа бейім әрі өзін жан-жақты дамытуға ұмтылатын қыз-келіншектер қатыса алады. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түседі: дефиле, сахналық өнер көрсету, фотосессиялар мен бейнероликтер түсіру, сондай-ақ зияткерлік тур сынды бағыттар қамтылады. Сондықтан ақылы мен көркі тең, сымбаты мен сыны жарасқан аруларымызды байқауға шақырамыз, – деді.
Айта кетейік, «Шымкент Аруы – 2025» байқауының финалдық кезеңі алдағы көктемде өтпек. болмысын танытатын маңызды мәдени оқиға болмақ.