Шымкент қаласының экологиялық жағдайы жақсарып келеді

0
3 163

Жаңа экологиялық Кодекс қабылданды.


Шымкент қаласының экологиялық жағдайы жақсарып келеді

Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті 2020 жылдың қорытындылап, БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған департаменттің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қадырхан Бейсенбаевтың айтуынша, ауаға таралатын шығарындыларды азайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде 2300 тоннаға дейін шығарындылар азайған. Мәселен, ірі кәсіпорындар «3 Энергоорталық» АҚ 5400 тоннадан 3300 тоннаға, Химфарм АҚ 151 тоннадан 60 тоннаға төмендеткен. Сонымен қатар, Қадырхан Киікбайұлы Экология департаменті, қала, аудан прокуратураларымен, ҰҚК-нің қалалық департаментімен және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасымен 224 іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде құрылыс жұмыстарының барысында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарын бұзған 48 кәсіпорыннан 7,2 млн. теңгеден астам 152 әкімшілік айыппұл салынған. Мұнан бөлек, 18 орта кәсіпкерлік субъектілерінен 44 әкімшілік іс қозғалып 4,4 млн. теңге өндірілген.
Сонымен қатар, Қадырхан Бейсенбаев аумақтарды бей-берекет қоқыс үйінділерінен тазарту жұмыстары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басты назарында екенін жеткізді. Бұл мәселе «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі арқылы шешімін тапқан. Нәтижесінде қала аумағындағы қоқыс үйінділерінің 88 кординаттық нүктелері анықталып, аудан әкімдіктерімен бірге тазалық жұмыстары жүргізілген.
Мұнан бөлек, республикалық «Жедел желі» желісі арқылы қала тұрғындары бей-берекет тасталған қалдық орындары бойынша арыз-шағымдар жолдаған. Атап айтқанда, 66 шағым түсіп, жеке және заңды тұлғаларға ҚР ӘҚБтК 344 бабымен 5 әкімшілік қозғалып, 97 мың теңге айыппұл салынды.
Қазіргі таңда жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Заңды күшіне енгеннен соң, департамент жаңа технологиялармен жұмыс істейтін болады.
-2020 жылы департамент жұмыс істеудің жаңа деңгейіне қол жеткізді. Біздің негізгі міндеттеріміз және оларды іске асыру жоспарлары белгіленді, ауқымды жұмыс жасалды, - деп баспасөз мәслихатын түйіндеді Қадырхан Бейсенбаев.