ШЫМКЕНТ ЭКОЛОГИЯСЫ: су мен ауа сапасы, қоқыс дағдарысы және бақылау шаралары

0
63

Қоршаған ортаны қорғау – бір ғана органның емес, тұтас қоғамның міндеті екені тағы да айқын көрінуде


ШЫМКЕНТ ЭКОЛОГИЯСЫ: су мен ауа сапасы, қоқыс дағдарысы және бақылау шаралары

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізді. Экологиялық реттеу, зертханалық талдау, заңсыз қоқыс үйінділерімен күрес – барлығы да қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басышының міндетін атқарушы Сабыр Дастанұлы тарқатып айтып берді.

Департамент 2025 жылдың 6 айында 41 мемлекеттік қызмет көрсеткен:
• 29 өтінішке рұқсат берілсе,
• 12 өтінішке бас тартылған.
Мемлекеттік қызметтердің түрлері:
1. I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат – 6 рұқсат, 1 бас тарту.
2. ҚОӘБ скрининг және қамту саласын айқындау – 12 қорытынды беріліп, 9 өтініш толықтыруға қайтарылған.
3. ҚОӘБ нәтижелері бойынша қорытынды – 11 қорытынды, 2 өтініш кері қайтарылған.
Қазіргі таңда экологиялық қауіптілік санаттары бойынша:
• I санат – 40 кәсіпорын,
• II санат – 146,
• III санат – 477,
• IV санат – 368 кәсіпорын ретінде тіркелген.
Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі жыл басынан бері 55 нысанда зерттеу жүргізіп, 112 хаттама толтырды (85 – жоспардан тыс тексерулерден, 27 – жоспарлы мониторингтен). Жалпы саны 1102 сынама алынып, 6200 талдау жасалған.
2025 жылдың ақпан және маусым айларында, Экология министрлігі мен қала әкімдігінің бастамасымен полиция департаментімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылды. 125 автокөлік тексеріліп, оның ішінде:
• 52 көліктен шығарындылар рұқсат нормадан жоғары,
• Оның ішінде 9 – дизель, 28 – газ-бензин көліктер.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласы арқылы өтетін Қошқар ата, Қарасу, Бадам, Сайрамсу өзендері мен Қосдиірмен, Тоғыс, Текесу, БМК каналдары мониторингтік зерттеуден өткен.
Зерттеу нәтижесінде өзендердің бастапқы және соңғы нүктелерінде ластаушы заттардың концентрациясы өсуде, Қошқар ата өзені бойынша — ластанудың басты себебі өзен жағалауындағы тұрғын үйлердің кәріз жүйесіне қосылмауы анықталды.
Қала аумағындағы тығыз құрылыс, ескі суару желілері мен төгінділер өзен суының сапасына кері әсер етуде.
Экология департаменті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бірлескен ғарыштық түсірілімдері (08–14 шілде, 2025 ж.) нәтижесінде:
• 46 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталған.
Аудан бойынша бөлінісі:
• Қаратау – 26
• Тұран – 6
• Еңбекші – 6
• Абай – 5
• Әл-Фараби – 3
Жергілікті әкімдіктерге хаттар жолданып, кейбір аумақтар тазартылғаны расталды. Қалған қоқыс орындарына қатысты зерделеу жұмыстары жалғасуда.
Департамент пен қалалық және аудандық прокуратура бірлесіп 35 жаңа заңсыз қоқыс орны анықтады:
• Еңбекші – 16
• Қаратау – 11
• Абай – 5
• Әл-Фараби – 3
Нәтижесінде:
• Аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына ҚР ӘҚБтК-нің 324-бабы бойынша 4 әкімшілік айыппұл салынды (жалпы сомасы – 117 960 теңге).
2024 жылмен салыстырғанда өткен жылдың осы кезеңінде ғарыштық мониторингпен 14 қоқыс координаты анықталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе өсіп отыр.
2025 жылдың 6 айындағы нәтижелер қала экологиясының өзекті мәселелерін нақты көрсетіп отыр:
• Кәсіпорындар мен көліктердің ауаға тастаған зиянды шығарындылары;
• Өзендердің тазалығы мен кәріз жүйелерінің тиімсіздігі;
• Бей-берекет қоқыс тастау мәселесі.
Экология департаменті өз тарапынан қадағалау, бақылау және түсіндіру шараларын белсенді жүргізіп отырғанын айтты департамент басыгының міндетін атқарушы. Алайда, қоршаған ортаны қорғау – бір ғана органның емес, тұтас қоғамның міндеті екені тағы да айқын көрінуде екендігін де жеткізді.
Бөлісу