ШЫМКЕНТ: ​Еңбек мобильділігі орталығының 6 айдағы жұмыс нәтижесі талқыланды

0
104

Басқарма басшысы халықты жұмыспен қамту шараларын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.


ШЫМКЕНТ: ​Еңбек мобильділігі орталығының 6 айдағы жұмыс нәтижесі талқыланды

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Еңбек мобильділігі орталығының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын саралады.

Жиын барысында басқарма басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында халықты жұмыспен қамту, тұрақты жұмыс орындарын құру және Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалардың орындалу барысын талқылады.
Атап айтқанда, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша, «Жастар практикасы» бағдарламасымен – 596 жас, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы – 131 жас, «Күміс жас» жобасы бойынша – 352 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 6016 азамат жолданды.
Сонымен бірге, Жанат Өмірсейітқызы квотамен жұмыспен қамту мәселесіне де назар аударды. Жыл басынан бері мүгедектігі бар 67 азамат пен пробация есебінде тұрған 22 адам жұмысқа орналастырылған.
Басқарма басшысы халықты жұмыспен қамту шараларын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтіп, жұмыс берушілермен бірлесе отырып, туындайтын мәселелерді шешуге дайын екенін жеткізді.
Бөлісу