ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында заңсыз құрылыс қалдықтарының алдын алу мақсатында рейд өткізілді

0
112

Тексеру кезінде кейбір тұрғындардың көшеге өздігінен құрылыс қалдықтарын төккені анықталды.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында заңсыз құрылыс қалдықтарының алдын алу мақсатында рейд өткізілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында заңсыз құрылыс жұмыстарының алдын алу және жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлер аумағында құрылыс материалдары мен инертті қалдықтардың заңсыз төгілуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Аталған бағыттағы кезекті түсіндіру жұмыстары бүгін аудан әкімдігі мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өткізілді. Шара барысында Іляев және Писсарев көшелеріндегі тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау және рұқсатсыз қалдық төгудің заңға қайшы екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру кезінде кейбір тұрғындардың көшеге өздігінен құрылыс қалдықтарын төккені анықталды. Құқық бұзушыларға заң талаптары түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілді. Тұрғындар қалдықтарды жақын күндері өз күшімен тазалайтындарын айтып, заң талаптарын сақтауға дайын екендіктерін білдірді.
Еңбекші ауданы әкімдігі мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын және тұрғындарды қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақыратынын ескертеді.
Бөлісу