ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жалпы республикалық «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді

0
79

Барлығы оннан астам арнайы техника жұмылдырылып, бір күн ішінде елеулі жұмыстар атқарылды.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жалпы республикалық «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді

Шымкент қаласында жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала бойынша ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді.

Бұл шараға қала тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысты. Әр ауданда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көше бойлары таза күйге келтірілді.

Еңбекші ауданында да бұл акциядан тыс қалмады. Түркістан көшесінің бойында арнайы техника арқылы тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған шөптер мен күл-қоқыстар толықтай шығарылып, көше бойындағы ағаш өсінділері кесіліп, ретке келтірілді.
Аудан әкімдігі тек көше тазалығына ғана емес, сонымен қатар балалар алаңшаларының жағдайына да назар аударды. Алаңшалардағы сынған әткеншектер мен ойын құралдары жөнделіп, бояу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың демалыс орындарын жақсарту мақсатында атқарылды.
Еңбекші ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, бүгінгі шараға аудан тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері мен әкімдік қызметкерлері белсенді қатысқан. Барлығы оннан астам арнайы техника жұмылдырылып, бір күн ішінде елеулі жұмыстар атқарылды. Қуаныш Айдапкелов, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы:
«Тазалық — бәрімізге ортақ іс. Бүгінгі шараға аудан тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері мен әкімдік қызметкерлері белсенді қатысты. Барлығы оннан астам арнайы техника жұмылдырылып, бір күн ішінде елеулі жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады», — деді.
Аталған экологиялық акциялар тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындар арасында азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Ал тазалық шаралары Еңбекші ауданында тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Бөлісу