ШЫМКЕНТ: ​ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСЫП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0
27


ШЫМКЕНТ: ​ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСЫП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.


Ол №45 сайлау учаскесіне келіп, Конституцияда бекітілген сайлау құқығын жүзеге асырды. Құрылтай сайлауына қатысу арқылы этномәдени бірлестік төрағасы азаматтық белсенділігін танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысудың маңыздылығын көрсетті.

Латипша Асановтың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Әсіресе Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауына дауыс беру – тарихи маңызы бар оқиға.

Түрік этномәдени бірлестігі өкілдерінің сайлауға белсенді қатысуы еліміздегі қоғамдық келісім мен бірліктің, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің Қазақстанның ортақ болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Құрылтай сайлауы – азаматтардың пікірін білдіруге, ел дамуына қатысты өз ұстанымын танытуға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси шара. Бұл күні әрбір азаматтың дауысы ел болашағын қалыптастыруға қосылған үлес болып саналады.