Газ қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындарға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Шымкент қаласының газ техникалық инспекция бөлімі аудандық әкімдіктермен бірлесе тұрмыста газ қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындарға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда, қала аумағында орналасқан көпқабатты үйлердің түтіндік және желдеткіш арналарының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз ету бойынша және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт жасасудың міндеттілігі жөнінде ескертілді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 306 бабына сәйкес, ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу – айыппұл салуға әкеп соғады.