​ШЫМКЕНТ: Иістен уланған оқушылардың денсаулықтары жақсарды (видео)

0
3 203

Оқушылар үйлеріне қайтарылды.


​ШЫМКЕНТ: Иістен уланған оқушылардың денсаулықтары жақсарды (видео)

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы иістен уланған №37 мектептің оқушыларының денсаулықтары жақсы, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

"Кеше 18 наурыз күні Шымкент қаласында орналасқан №37 мектептің аймағында 09:45-те шақырту түсті. Шақыртуға келген кезде мектептің оқушыларында улану белгілері болды. 3 оқушы токсикология бөлімшесіне түсті, жағдайлары орташа. Ауруханаға жетпей жатып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жеткен соң алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайларының бәрі жақсы болғаннан кейін үйлеріне қайтты. Қазіргі таңда ол оқушылардың барлығы емхананың бақылауында тұр. Бүгін таңертең дәрігерлер ата-аналарымен хабарласты, түсіндіру жұмыстарының бәрі жүргізілді. Жағдайлары өте жақсы", - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.



Қазіргі таңда оқиға орнында экологтар жұмыс істеуде. Оқиғаның нақты себебі тексеру жұмыстары біткен соң белгілі болады.