ШЫМКЕНТ: Исфиджаб тұрғын алабында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуда

0
28


ШЫМКЕНТ: Исфиджаб тұрғын алабында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуда

Шымкент қаласы әкімінің Исфиджаб тұрғын алабы тұрғындарымен өткен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер жергілікті билік тарапынан назардан тыс қалмай, жүйелі түрде шешімін табуда.

Азаматтардың ұсыныс-тілектері негізінде Мүслім төбе көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жолдар асфальтталып, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүріп-тұруы үшін аяқжолдар орнатылды.
Билік пен қоғам арасындағы тұрақты кері байланыс — тиімді және ашық басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Осы қағиданы ұстанған қала әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені мұқият назарға алып, жүйелі түрде шешуге ниетті.
Бөлісу