ШЫМКЕНТ: қала әкімі Абай ауданында ашық форматта кездесу өткізді

0
81

Әкім сала мамандарымен бірге әрбір мәселені толық анықтап, жан-жақты жауап берді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі Абай ауданында ашық форматта кездесу өткізді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу аясында Абай ауданында болып, тұрғындарымен жүздесті.

Ауданға қарасты кездесу “Бозарық”, “Асар-2”, “Достық”, “Нұршуақ”, “Ақниет” және “Қатынкөпір” шағынаудандарында ашық форматта өтті.

Кездесуде аудан жұртшылығы өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Бейнебақылау камераларын орнату, аулаларды абаттандыру, көше жарығын орнату, мобильді байланыс сапасын жақсарту және қоғамдық көлік қозғалысының аралығын қысқарту сынды ұсыныстар айтылды.
Бұдан бөлек мәдениет үйі, емхана мен мектеп салу, ішкі орам көшелерді асфальттау, кәріз жүйесіне қосу жұмысын жеделдету, жол белгілері мен бағдаршам орнату, аялдамаларды реттеу және жер теліміне қатысты құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу мәселелері сөз болды.
Қала әкімі сала мамандарымен бірге әрбір мәселені толық анықтап, жан-жақты жауап берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауға алынып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен шешілетіні түсіндірілді.
Кездесу соңында Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы мен бастамашылдығы және сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдіріп, қалалық жайлы ортаны жақсартуда нақты әрі тұрақты нәтижеге тек бірлескен жұмыстың арқасында қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Бөлісу