ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар нысандарда болып, белгіленген мерзім мен стандарттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

0
88

Қала басшысы аралау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға атқарылып жатқан жұмыстың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар нысандарда болып, белгіленген мерзім мен стандарттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қараланың бірақатар нысандарын кезекті рет аралап көрді.

Аралау барысында бірқатар көлік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Қаратау ауданы, “Таскен” тұрғын алабындағы жаңа үлгідегі жайлы мектептің құрылысында болды.

1500 оқушыға арналған бұл білім ұясы қосымша мектеп орындарын құруға елеулі үлес қосып, білім алу жағдайының жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Мердігер ұйымға барлық жұмысты белгіленген кестеге сай әрі сапалы орындау қажеттігін ескертті.
Одан әрі Абай ауданында Жаскешу, Қобыз, Орда және Ақторғай көшелерін қамтитын орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс қарқынын оң бағалай отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына барлық техникалық талаптардың орындалуына ерекше мән беру қажеттігін айтты.
Әл-Фараби ауданындағы Қалдаяқов көшесінде абаттандырылып жатқан жаңа сквер жобасымен танысты. Бұл бастама қала аумағын көгалдандыруға, демалысқа қолайлы жағдай жасауға және тұрғындар үшін жайлы орта дамытуға бағытталған. Бүгінде жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайтын жаңа қоғамдық кеңістік халыққа қолжетімді.
Қала басшысы аралау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға атқарылып жатқан жұмыстың сапасына бақылауды күшейтуді, мердігер ұйымдардың жұмысын жүйелі түрде қадағалап отыруды, сондай-ақ белгіленген мерзім мен стандарттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Барлық бастамалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Бөлісу