ШЫМКЕНТ: қала әкімі «ШЫМКЕНТСКИЙ ДСК» ЖШС құрылыс компаниясы және «ДСК-17» ЖШС зауытының басшылығымен кездесті

0
132


ШЫМКЕНТ: қала әкімі «ШЫМКЕНТСКИЙ ДСК» ЖШС құрылыс компаниясы және «ДСК-17» ЖШС зауытының басшылығымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі «Шымкентский ДСК» ЖШС құрылыс компаниясының және темірбетон бұйымдарын шығаратын «ДСК-17» ЖШС зауытының басшылығымен кездесті.

Бұл компаниялар «Бозарық» шағынауданында көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, «Жұлдыз» индустриялық аймағында темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт пен оған жапсарлас бірнеше өндіріс орнын кезең-кезеңімен салуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асырып жатыр.

Кездесу барысында құрылыс жұмысының қазіргі ахуалы, белгіленген мерзімі мен сапа талаптарының орындалу барысы талқыланды. Нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ инженерлік желілерді тарту мен құрылыс жобаларын іске асыруға қажетті жер телімдерін бөлу мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек компанияның «Көксай» шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қатысу және реновация бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктері талқыланды.
«Мұндай бастамалар инфрақұрылымды кешенді дамытуға және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Қала әкімдігі алдағы уақытта да сенімді құрылыс салушылармен ынтымақтастықты жалғастырып, басымдық берілген қала құрылысы міндеттерін іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады»- деді, қала әкімі кездесу барында
Бөлісу