400-дей тұрғын арыз-шағымын айтты.
Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.
Қала басшысы халықпен ашық байланыс орнату мақсатында барлық тұрғынның мәселесін тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.
Сондай-ақ қабылдауда әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары 400-дей тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиімді шешу жолдарын түсіндірді.