Шымкент қаласында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру қағидаларын сақтау мақсатында қала аумағында бірқатар рейдтік шаралар өткізілуде.
Аталған жұмыстар Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Рейд барысында құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстарды рұқсат етілмеген орындарға тастау фактілері анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Тәртіп бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-тармағы (ұсақ бұзақылық) және 505-бабы (қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу) негізінде хаттамалар толтырылды.
Қала әкімдігі мұндай іс-шаралардың тұрақты түрде жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл бастама қалалық ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарды белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға, қалалық тәртіп пен ережелерді сақтауға шақырады. Қаланың тазалығы — барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін еске салады.
Ескерту: Қалалық аумақты ластау немесе абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.