Жалпы, ұйымдастырылған рейдтің мақсаты – қала тазалығын сақтап, тұрғындарды қоқыс тастау мәдениетіне баулу.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Еңбекші ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осыған байланысты кезекті рет аудан әкімі аппараты, Еңбекші аудандық полиция басқармасы қызметкерлері бірігіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға құрылыс қалдықтары мен қоқыс тастау деректері анықталып, тәртіпсіздікке жол берген тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, ұйымдастырылған рейдтің мақсаты – қала тазалығын сақтап, тұрғындарды қоқыс тастау мәдениетіне баулу.