Кештің тағы бір ерекше сәті — екі оркестрдің музыкалық айтысы болды.
Бұл айтулы шара Қала күні қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, қаланың мәдени өміріндегі ең айтулы мерекелерінің бірі ретінде есте қалды.
⠀Оркестрлер Шеруі «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрлерінің сахнаға шығып, Сыдық Мұхамеджановтың «Шаттық Отаны» шығармасымен ашылды. Қос оркестр бір мезетте екі дирижердің басқаруымен өнер көрсетіп, жиналған көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
⠀Сонымен қатар, оркестрлердің сүйемелдеуімен «Қазына» халық би ансамблі және «Яссы» заманауи би ансамблі өнер көрсетті.
⠀Шара барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек құттықтау сөз сөйлеп, Шымкент қаласында Қала күні аясында өтіп жатқан мәдени іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті.
⠀Кештің тағы бір ерекше сәті — екі оркестрдің музыкалық айтысы болды. Бұл көріністе оркестрлер ұжымы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
⠀Концерттің шарықтау шегінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың дирижерлік етуімен Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі Н.Тілендиевтің әйгілі шығармасы «Махамбет» және Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін орындап, көрерменге ұмытылмас эмоция сыйлады.
⠀Шеру соңында көпшіліктің сұрауымен Арман Жүдебаев көрерменге «Әлқисса» шығармасын орындап ұзақ уақыт қошеметке бөленді.
Айта кетейік, Оркестрлер шеруінің салтанатты жабылуы 17 маусым күні сағат 19:00- де Наурыз алаңында өтеді.