Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерге кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0
76

Жыл басынан бері қалада 6 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, олар толық пайдалануға берілді.


   Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерге кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында 2023–2029 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы қала аумағындағы 26 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Аталған бағдарлама шеңберінде Тұран ауданы, 4-шағынауданда орналасқан №21 үй мен Володар көшесіндегі №9 үйге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бұл тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, шатырлары толықтай ауыстырылды. Сонымен қатар, кіреберістер мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңғырту жұмыстары атқарылды.
Байтұрсынов көшесі №94 мекенжайындағы тұрғын үйде де шатырды ауыстыру, кіреберісті ретке келтіру және бастырма орнату жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда бұл нысанда қасбетті жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстар қыркүйек айына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері қалада 6 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, олар толық пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта аталған нысандарды қабылдау бойынша тиісті құжаттар әзірленуде. Қалған 20 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кету керек, Шымкент қаласының тұрғындары күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «қайтарымды қаражат» негізінде «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, №12А, 3-қабат.
Бөлісу