Шымкент қаласындағы темір жол өткелдерінің құрылысы қатаң бақылауда

0
69

Іссапар барысында депутаттар Шымкент қаласы әкімдігі мен мердігер ұйым өкілдерінен жобалардың жүзеге асырылу кезеңдері туралы толыққанды ақпарат алып, нысандардағы құрылыс сапасына көз жеткізді.


Шымкент қаласындағы темір жол өткелдерінің құрылысы қатаң бақылауда

Шымкент қаласында салынып жатқан темір жол өткелдерінің құрылыс барысы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының назарында.

Халық қалаулылары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Тіленшин және Момынов көшелеріндегі өткелдер құрылысының жай-күйімен танысты.

Іссапар барысында депутаттар Шымкент қаласы әкімдігі мен мердігер ұйым өкілдерінен жобалардың жүзеге асырылу кезеңдері туралы толыққанды ақпарат алып, нысандардағы құрылыс сапасына көз жеткізді.
Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Лесовтің айтуынша, Момынов көшесінде салынып жатқан темір жол өткелі — қаланың көлік инфрақұрылымындағы стратегиялық маңызды нысан. Аталған көше қаланың орталық бөлігін шығыс аймағымен байланыстыратын негізгі көлік артерияларының бірі болып табылады.
– Бұрын бұл аумақта пойыздардың өтуіне байланысты көлік кептелістері жиі орын алатын. Аталған мәселені шешу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында өткел құрылысы басталды. Бүгінгі таңда тіреуіш темірбетон конструкциялар мен көпір балкалары орнатылып, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделуде, – деді Нұрбол Лесов.
Бөлісу