Е.Айтаханов: «Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды».
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бүгін Шымкент қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қала активінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан жиынды қала әкімі Ерлан Айтаханов баяндады.
«Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Бұл бағыт бойынша ағымдағы жылы қалада Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылатын болады», - деді қала әкімі өз сөзінде.
Айта кетейік, осының алдында Шымкенттегі бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып, бекітілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.