Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында тұрғындардың игілігіне арналған гүлзар мен спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Аталған нысандар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында барлық қауіпсіздік және сапа талаптарына сай салынды.
Жаңа гүлзар мен спорт алаңы аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спорттың дамуына оң ықпал етеді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері және жергілікті тұрғындар қатысып, жаңадан пайдалануға берілген демалыс орындарының маңыздылығын атап өтті.
Айта кету керек, 2025 жылы Қаратау ауданы аумағында 12 гүлзар, 24 балалар ойын алаңшасы және 3 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда 13 балалар ойын алаңшасы мен 6 гүлзар пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 11 балалар ойын алаңшасы мен 6 гүлзардың құрылысы аяқталып, халыққа табысталмақ.