Шымкент: Кардиохирургтар алғаш рет жүрек қақпақшасын алмастыру отасын жабық түрде жасады

0
1 154

Операция жасалған 82 жастағы науқасқа «аорта қақпақшасының стенозы» диагнозы қойылған.


Шымкент: Кардиохирургтар алғаш рет жүрек қақпақшасын алмастыру отасын жабық түрде жасады

Шымкентте алғаш рет кардиохирургтар жабық түрде жүрегінде ахауы бар науқастыңқақпақшасын хирургиялық жолмен ауыстырып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пышақсыз жасалатын отаға жергілікті ақ халаттыларға Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығынан білікті мамандар көмекке келді.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының интервенционды кардиология және радиология бөлімінің меңгерушісі АлимбаевСерік және катетерлеу зертханасының меңгерушісі Мусаев Абдурашиттің қатысуымен 82 жастағы қарт кісінің жүрегіне жабық түрде операция жасалды. Ота кезінде мамандар науқастың аяқ күре тамырына жеткізуші құрылғы арқылы еніп, жүрек қақпашасын хирургиялық жолмен алмастырып берді.

- Ота түрі - аорта қақпақшасын транскатетерлі имплантациялау деп аталады. Операция жұмыс істейтін жүрекке жасалды. Яғни, өкпені жасанды желдетусіз істелді. Сондықтан біз отаның негізгі бөлігі - қақпақшаны алмастыру уақытын 20 секундта жасап бітірдік. Шымкенттік дәрігерлердің мүмкіндігі зор. Кардио орталықта науқастар менмамандарға қажетті жағдай жасалған, -дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының интервенционды кардиология және радиология бөлімінің меңгерушісі Серік Алимбаев .

Операция жасалған 82 жастағы науқасқа «аорта қақпақшасының стенозы» диагнозы қойылған. Әдетте кардиологтар егде жастағыларға жүрегіне ота жасауға кеңес бермейді. Дегенмен бұл жолы білікті мамандар тәуекелге барып,қарт кісінің жүрек қақпақшасын алмастырып берді. Дәрігерлер ота сәтті және тіліксіз өткендіктен, науқасекі-үш күн аралығында оңалады дейді.

Бұл тәжірибе алмасу отасы нәтижесіндежергілікті медицина мамандары жүрек қақпақшасына жабық түрде ота жасауды өз бетінше атқара алатынын айтады.

Айта кетейік, мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматына ақысыз түрде көрсетіледі.