ШЫМКЕНТ: ​Кәсіпкерлерге МӘМС жүйесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді

0
157

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналар мен аударымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің жоғарғы шегі жаңартылмақ.


ШЫМКЕНТ: ​Кәсіпкерлерге МӘМС жүйесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Шалхар Шеримов пен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бахытжан Абдуллаев бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Кездесуде медицина саласына қатысты өзекті мәселелер мен МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары кеңінен талқыланды.
МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді қызмет етуі және халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналар мен аударымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің жоғарғы шегі жаңартылмақ.
Атап айтқанда, жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), қызметкерлер үшін – 20 ЕТЖ.
- Бұл шара МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, азаматтардың денсаулық сақтау шығындарын өтеудегі жауапкершілікті әділ әрі теңдей бөлу қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты МӘМС жүйесінің жылдық табысы шамамен 200 миллиард теңгеге ұлғайып, медициналық қызмет сапасын арттыруға қосымша қаржы бөлінетін болады, - деді ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Шалхар Шеримов.
Кездесу барысында кәсіпкерлер мен денсаулық сақтау саласының өкілдері арасында ашық диалог орнап, тараптар жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстарын да ортаға салды.
Бөлісу